Мейрамбекұлы Нұрсұлтан, 23 қаңтар 1994 жылы Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Кеңестөбе ауылында дүниеге келген. 2012 жылы “Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар” мамандығы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің бакалавр бөліміне түсті. 2016 жылы бакалавр бөлімін аяқтап, сол мамандықтың магистратура бөліміне түсті. 2018 жылы магистратура бөлімін тәмәмдап, 2018- 2021 жылдар аралығында PhD докторантура бөлімінде білім алып, 2023 жылы философия докторы (PhD) атағын алды. Қазіргі таңда Қазақ Ұлттық университеті Қатты дене физикасы және бейсызық физика кафедрасында аға оқытушы лауазымында қызмет атқарады. «Ғарыштық техника мен технологияны дамыту үшін ұлттық ғылыми мектеп құру. Алғашқы қазақстандық наносеріктікті жобалау, құрастыру және ұшыру» ғылыми жобаларының аясында, Қазақстандық алғашқы, университеттік “AL FARABI – 1” және “AL FARABI – 2” наножерсеріктерін құрастырып, ұшыру жобасының қатысушысы.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Бакалавриат |
2016 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
PhD докторы |
12.06.2023 |
4
құжаттар
2